Бүгін 20-дан астам маңызды құжатқа қол қойылады - сарапшы

4 Шілде, 13:02 714

Азиялық зерттеулер бөлімінің аға сарапшысы Бауыржан Әукен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы саммитінің елдің дамуына, экономикалық байланыстардың нығайуына септігін тизгізетінін атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жиынға 16 елдің президенті, 10 мыңнан астам делегат, 700-ден астам шетелдік журналист келді. Бұл Астанада өтіп жатқан саммиттің маңыздылығын көрсетіп отыр деуге болады. Жалпы саммит барысында энергетика, экономика, қауіпсіздік салалары аясында 20-ға жуық келісімшартқа қол қойылады, - деді ол.

Бауыржан Әукеннің сөзінше, ең басты құжат болып «Астана декларациясы» бекітіледі.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы саммитінің өткізілуі саммиттің дамуының жаңа дәуірін ашады. Себебі жиын аясында инвестициялық қордың құрылуы туралы шешім қабылданып, ШЫҰ-ның 2035 жылға дейін даму стратегиясы қарастырылады, - деді сарапшы.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EL.KZ (@elkz_portal)

Миражан Махан
Бөлісу: