Бүгін 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды

8 Қыркүйек, 07:35 408

Жексенбі, 8 қыркүйекте еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, Ұлытау облысының біраз бөлігінде өрт қаупі жоғары, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысында, шығысында өрт қаупі жоғары.

Күндіз Алматы облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыс жел, шығыс екпіні 15-20 м/с деп күтілуде. Қонаев қаласында 8 қыркүйек солтүстік-шығыс, шығыс жел күндіз екпіні 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Жетісу облысында солтүстік-шығыс жел Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі, ал батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл күтілуде. Солтүстік жел күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың көп бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында да өрт қаупі жоғары. Қызылорда қаласында 8 қыркүйек күні түстен кейін найзағай, дауыл күтіледі. Өрт қаупі сақталады.

Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аймақтарында найзағай, өңірдің солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыс жел күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аймақтарында 15-20 м/с. Облыстың көп бөлігінде төтенше (5-сынып) өрт қаупі сақталады.

Шымкент қаласында 8 қыркүйекте төтенше (5-сынып) өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында 8 қыркүйекте күннің екінші жартысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыс күндіз екпіні 15-20 м/с (5-сынып) өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында 8 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қаласында 8 қыркүйекте өрт қаупі жоғары.

Маңғыстау облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында 8 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың шығысында 2 градус аяз сақталады.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыс, батыс күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с Петропавл қаласында 8 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыс, батыс күндіз екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Перизат Саденова
Бөлісу: