Будапештте Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің отырысы өтті

31 Наурыз 2023, 09:52 745

Будапешт қаласында Мажарстан Республикасының төрағалығымен Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше мемлекеттердің энергетика министрлерінің 3-ші отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық министрлігі Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Делегация басшылары ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің энергетика салаларын тұрақты дамытудың басым бағыттарын талқылады.

ҚР Энергетика вице-министрі Асхат Хасеновтің айтуынша, Қазақстан ТМҰ-ға қатысушы және бақылаушы барлық елдермен екіжақты ынтымақтастықты белсенді дамытуда.

Сондай-ақ вице-министр Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдалану саласындағы жобалар үшін инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған тетіктердің бірі ретінде теңізде де, құрлықта да күрделі жобалар үшін бірқатар преференциялар ұсынатын жаңа тетік – жақсартылған модельдік келісімшартты енгізуді көздейтін заңның жақында қолданысқа енгізілгені туралы хабарлады. Сондай-ақ ТМҰ-ға мүше мемлекеттер мен байқаушыларды жаңа кен орындарын игеруге қатысуға шақырды.

Сонымен қатар қосалқы құны жоғары өнімдер шығару арқылы мұнай-газ химиясын, сутегі, атом энергетикасы және ЖЭК дамыту бойынша басымдықтар айтылды.

EL.KZ
Бөлісу: