Бұдан былай Қазақстанда өндірілетін субсидияланған тыңайтқыштар сыртқа шығарылмайды

17 Мамыр 2023, 10:18 755

ҚР Үкіметінің қаулысымен тек өндірушілер ғана экспорттай алатын тыңайтқыштардың жекелеген түрлерінің тізбесі бекітілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл шара осы өнімді ел аумағынан шығаруға тосқауыл қою және отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау мақсатында қабылданып отыр.

Аталған норма фермерлерге аса қажет аммоний нитраты және аммофос сияқты тыңайтқыштар түрлеріне қатысты. Ішкі нарықты, әсіресе, көктемгі егіс маусымы кезінде осы тыңайтқыштармен қамтамасыз ету маңызды, бұл мақсатта Үкімет олардың құнын 50% көлемінде субсидиялайды. Сонымен бірге бағаның төмендігін алыпсатарлар да пайдаланып кетіп жатыр, - делінген мәліметте.

Тиісінше тыңайтқыштардың осы түрлерін оларды өндірушілерге ғана экспорттауға айрықша құқық беру туралы шешім қабылданды. Отандық аграрийлердің тыңайтқыштарға деген сұранысы өңір әкімдіктерінің өтінімдеріне сәйкес басым тәртіппен қамтамасыз етілмек.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: