20.10.2025
22:18
379
Бублик Венадағы жарысты сәтті бастады

Бублик Венадағы жарысты сәтті бастады

Әлемнің 19-ракеткасы, қазақстандық теннисші Александр Бублик Венада өтіп жатқан ATP-500 турнирін сәтті бастады. Ол алғашқы айналымда чилилік Алехандро Табилоны жеңді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған кездесу 6:4, 6:4 есебімен Бубликтің пайдасына аяқталды.

Бұл матч жалпы жүлде қоры 2,7 миллион еуроны құрайтын жарыс аясында өтті.

Енді Александр Бубликтің келесі қарсыласы АҚШ өкілі Алекс Михельсен мен аргентиналық Франсиско Серундоло арасындағы матчтың жеңімпазы болады.