ҰБТ тапсыру кезінде заң бұзған оқушының гранты жойылады

10 Тамыз 2022, 19:17 1044

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Ержан Әмірбекұлы айтты

ҰБТ тапсыру барысында заңбұзушылыққа жол берген талапкердің гранты жойылады, деп хабарлайды El.kz

«Соңғы кездері ұлттық бірыңғай тестілеудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында үлкен шаруа атқарылды. Талапкер грант алғанға дейін және грант иегері атанып қойған жағдайда да бейнакамер жазбалары желтоқсан айына дейін тексеріле береді. Тиісінше, грант иегерлері ҰБТ тапсыру кезінде заңбұзушылықтарға жол берген болса, онда олардың гранты жойылады», - деді Ержан Әмірбекұлы.

Бөлісу: