36 жастағы Хейли Блэк әдеттегідей ерте оянғаннан кейін керіліп, есінеген сәтте денесінен «электр тоғы өткендей» күй кешкен. Бірнеше минуттан соң ол ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер оның қайта аяққа тұрып кететініне күмәнмен қарай бастаған. Бұл туралы The Mirror басылымына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
2016 жылдың мамырында жаңа туған қызы Амели үшін таңғы бесте тұрған. Сүт дайындауға беттеген сәтте кенеттен денесінің жартысы дірілдеп, қолы ауада қатып қалған соң, күйеуі Ианнан жедел жәрдем шақыруды өтінген.
Алғашқы тексерістер кезінде жарақат байқалмаған.
Мен түні бойы айқайладым, басымды ұрғым келді, себебі шыдатпайтын ауырсыну болды. Бірақ ешкім тыңдамады, – дейді ол.
Кейінгі қосымша тексерістерде мойын омыртқаларының C6 және C7 дискілері сынғаны анықталған. Хирург жағдайдың бастапқы ойлағаннан да ауыр екенін мойындады. Әйелдің денесі толықтай оң жақтан сал болып қалған.
Бұл ақылға сыймайтын жағдай еді. Бір ғана есінеудің күшімен омыртқаларым алға шығып кеткен, – деп түсіндірді британиялық.
Дәрігерлер оның қайта жүру мүмкіндігіне күмәнмен қараған. Тағы бір маман мұны ағзадағы оттегінің өте төмен деңгейімен байланыстырған. Хейли есін жиған кезде, күтпеген жерден барлық функциялары қалпына келген.
Ол бірнеше ай бойы мүгедектер арбасында таңылып, қайта тұрып жүруді мәжбүр болған. Қазіргі кезде мойнында тыртық қалған, жүйке жүйесінің зақымдануына байланысты күн сайын дәрі қабылдайды. Әйел әлі де созылмалы ауырсынудан зардап шегіп, бұрынғы жедел жәрдем қызметіндегі жұмысқа қайта орала алмай отыр.
Хейлидің айтуынша, ол әлі күнге дейін есінуден қорқады, спортпен айналыса алмайды, балаларымен жүгіріп ойнаудан қалған.