Британдық саяхатшы Қазақстанға дейін жаяу жүріп келген

Британдық саяхатшы Қазақстанға дейін жаяу жүріп келген

Ұлыбритания азаматы Люк Даекин өз елінен Вьетнамға дейінгі ұзақ сапарын толығымен жаяу жүріп өтуді мақсат етіп отыр. Ол бұл саяхатқа ешқандай демеушілік қолдаусыз, командасыз және көлік құралын қолданбай шыққан, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Саяхатшы 2024 жылдың 16 қыркүйегінде Ұлыбританиядан жолға шыққан. Ол жаяу жүру арқылы Еуропаны кесіп өтіп, бүгінде саяхатының екіден үш бөлігін еңсерген.

Даекиннің бағыты бойынша ол Ұлыбритания, Франция, Бельгия, Люксембург, Германия, Австрия, Венгрия, Сербия, Болгария, Грекия және Түркия арқылы өтті. Алдағы кезеңде ол Грузия мен Әзербайжаннан өтіп, Каспий теңізін пароммен кесіп өтіп, Қазақстанға жету.

Британдық басылымның жазуынша, Қазақстан арқылы өтетін бөлік саяхаттың ең қиын кезеңдерінің бірі болмақ.

«Бұл сапардың ең күрделі бөлігі болуы мүмкін – ұлан-ғайыр дала, инфрақұрылымның аздығы, су мен азық-түлікке қолжетімділіктің шектеулі болуы тіпті тәжірибелі саяхатшы үшін де үлкен сынақ», — деп жазады басылым.

Даекиннің жоспарына сәйкес, Қазақстаннан кейін ол Пәкістан, Ауғанстан, Үндістан, Бангладеш, Мьянма, Таиланд және Камбоджа арқылы өтіп, соңғы межесі - Вьетнамның астанасы Ханойға жетпек.

Жалпы, саяхат шамамен 20 мың шақырымды қамтиды және бір жылдан астам уақытқа созылуы мүмкін.