02.01.2024
11:24
1370
БРИКС ресми түрде бес мемлекетпен толықты

БРИКС ресми түрде бес мемлекетпен толықты

Бұл туралы Daily News Egypt-ке сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұйымға Египет, Иран, Сауд Арабиясы, БАӘ және Эфиопия қосылды.

Бұған дейін оның құрамында Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка бар.

Одақтың басты мақсаты — өзара серіктестік, қаржылық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету.

Айта кетейік, 2024 жылы ұйымға Ресей президенті Владимир Путин төрағалық етеді.