10.08.2024
23:36
1779

Брейкингтен Әмір Закиров жартылай финалға өте алмады

Әмір Закиров ширек финалда қарсыласына есе жіберді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Париж Олимпиадасында сынға түскен AMIR 1/4 финалда АҚШ спортшысы VICTOR-дан жеңіліп, жарыс жолын аяқтады.

Отандасымыз D тобында 3 батлға шығып, 2 жеңістің арқасында ширек финалға жолдама алған еді.