28.01.2024
22:12
3698
Бразилияда жойқын жер сілкінісі болды

Бразилияда жойқын жер сілкінісі болды

Бразилияның Акри штатына қарасты Тарауака муниципалитетінде 6.5 магнитудалы жер сілкінісі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Зілзаланың эпиорталығы Тарауакадан 67 шақырым жерде жергілікті уақытпен сағат 04:38-де тіркелді (Астана уақытымен 16:38).

Жер сілкінісінің ошағы тереңде болғанымен, эпиорталыққа жақын маңдағы тұрғындарға сезілген.

Абырой болғанда, жарақат алғандар мен ғимараттардың зақымдануы туралы ақпарат жоқ.