Бразилияда су тасқынынан 100-ден астам адам көз жұмды

10 Мамыр, 09:20 531

Бразилияның азаматтық қорғаныс басқармасының соңғы мәліметтері бойынша, тасқын судан қаза тапқандар саны 107-ге жетті. Сондай-ақ 136 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында, тағы 374-і әртүрлі дәрежеде жарақат алған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Табиғи апаттан шамамен 232 мың тұрғын үйлерін тастап, шұғыл түрде қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр болған.

Зардап шеккендердің жалпы саны - 425 муниципалитеттен бір жарым миллион адам.

Су тасқынына байланысты жалпы тұтынушылардың шамамен 18%-ын электр жарығымен қамтамасыз ету мүмкін болмай отыр. Ішетін суды жеткізуде де мәселелер бар. Толассыз жауыннан әуежайларды су басып, әуе қатынасында қиындықтар туындаған.

Синоптиктердің де болжамы көңіл көншітпей отыр, олар алдағы күндері де жауын-шашын тоқтамайды, тиісінше өзен деңгейі тағы көтеріледі деп болжайды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: