21.08.2023
01:41
1365
Бразилияда футбол жанкүйерлері мінген автобус аударылды

Бразилияда футбол жанкүйерлері мінген автобус аударылды

Бразилияда «Коринтианс» футбол клубының жанкүйерлерін тасымалдайтын автобус аударылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Globo телеарнасының ақпаратына сәйкес, қайғылы оқиға 20 тамызда Белу-Оризонтидің шетінде болған. «Коринтианс» жанкүйерлері Бразилия чемпионаты аясында «Крузейромен» өткен ойыннан кейін Сан-Паулуға бара жатқан.

Белгілі болғандай, көлікте 46 адам болған, олардың жетеуі қайтыс болды, тағы 10-ы шыға алмай қалған. Ауыр жарақат алған бір жолаушы ауруханаға тікұшақпен жеткізілді.