БҚО жолдарында бір күнде екі қайғылы оқиға болды

9 Шілде 2023, 06:31 1173

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан тағы екі адам мерт болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 7 шілде күні Бөрлі ауданы аумағында болды.

Сағат 18.20-да Бөрлі-Ақсай-Жымпиты күре жолының 10-шақырымында 1983 жылғы жүргізуші «ВАЗ-21114» автокөлігімен келе жатып, қарсы бетке шығып кеткен. Содан 1981 жылғы жүргізуші айдап келе жатқан «ВАЗ-21120» автокөлігімен соқтығысуға жол берген. Жол апаты салдарынан екі жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Үш жолаушы Ақсай қаласындағы орталық аудандық аурухананың хирургиялық бөлімшесіне жеткізілді. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлады ведомстводан.

Бұл – бір күнде болған екінші қайғылы оқиға.

Берік Арманов
Бөлісу: