БҚО өрт сөндірушілері саяжайдағы өртті сөндірді

26 Қазан, 21:07 374

Орал қаласы Телецентр ауданындағы саяжай қоғамдарының бірінде саяжай үйі мен моншада өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құтқарушылардың арқасында өрт 102 шаршы метр алаңда жедел түрде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр.

Зарина Арман
Бөлісу: