БҚО-дағы төрт ірі су қоймасы 94%-ға толды

14 Мамыр, 23:12 625

Елімізге Ресей Федерациясы аумағынан су келіп жатыр. Атырау қаласындағы Жайық өзенінің деңгейі – 551 см, Атырау облысының Махамбет ауылында – 980 см, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, Жайық өзенінің деңгейі одан әрі көтеріледі деп күтілуде. «Қазсушардың» жергілікті филиалының мамандары келген тасқын суын өткізу жұмысын жалғастыруда.

Батыс Қазақстан облысындағы төрт ірі су қоймасы 94%-ға толды. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Аймақта су тасқынының екінші кезеңі жалғасуда.

Ақмола облысындағы екі ірі су қоймасы 100%-ға толы. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Өңірде су тасқыны аяқталды. Астананың қорғаныс бөгетінен Есіл өзеніне тәулігіне 4,32 млн текше метр су жіберіледі.

Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы. Есіл өзенінде су тасқынының екінші толқыны жалғасуда.

Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 95%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Өңірде су тасқыны аяқталды.

Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 85,4%. Аймақта су тасқыны жалғасуда.

Абай облысында Шүлбі су қоймасы 58,5%-ға толды. Аймақта су тасқыны жалғасуда. Ертіс каскадының барлық су қоймалары штаттық режимде жұмыс істейді.

Қарағанды облысындағы 3 ірі су қоймасы 99,7%-ға толы. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Өңірде су тасқыны аяқталды.

Қостанай облысындағы екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Өңірде су тасқыны аяқталды.

Су қоймаларында «Қазсушар» мамандарының кезекшілігі және су шаруашылығы жағдайының мониторингі жалғасуда. Су қоймаларына жиналған тасқын суы ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі.

Зарина Арман
Бөлісу: