БҚО-дағы төрт ірі су қоймасы 93% толды

10 Мамыр, 20:40 688

БҚО-дағы су қоймаларының барлығы да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Аймақта су тасқынының екінші кезеңі жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, Орал қаласындағы Жайық өзенінің деңгейі 768 см, ол бір тәулікте 6 см төмендеді.

Ақмола облысындағы екі ірі су қоймасы 100%-ға толы. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Өңірде су тасқынының белсенді кезеңі өтті. Астананың қорғаныс бөгетінен Есіл өзеніне тәулігіне 4,32 млн текше метр су жіберіледі.

Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы. Есіл өзенінде су тасқынының екінші кезеңі жалғасуда.

Петропавл қаласы шегіндегі Есіл өзенінің деңгейі - 1088 см. Ол бір тәулікте 8 см-ге төмендеді.

Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 95%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Аймақта су тасқынының белсенді кезеңі өтті.

Шығыс Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 84,6%.

Абай облысында Шүлбі су қоймасы 53,2%-ға толды. Аймақта су тасқыны жалғасуда. Ертіс каскадының барлық су қоймалары штаттық режимде жұмыс істейді. 10 сәуірде басталған Шүлбі су қоймасынан Ертіс өзеніне су өткізу барысында 6,7 млрд текше метр су жіберілді.

Қарағанды облысында 3 ірі су қоймасы 99%-ға толы. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Аймақта су тасқынының белсенді кезеңі өтті.

Қостанай облысындағы екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Аймақтағы су тасқынының белсенді кезеңі өтті.

Су қоймаларында «Қазсушар» мамандарының кезекшілігі және су шаруашылығы жағдайының мониторингі жалғасуда. Су қоймаларында жиналған су ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі.

Зарина Арман
Бөлісу: