БҚО-да жылқы мен жеңіл көліктің соқтығысуынан бір адам көз жұмды

13 Маусым 2023, 16:35 765

Бүгін таңертең 05:20 шамасында БҚО-дағы Казталов аудандық ПБ-ге Казталовка-Жәнібек автожолының 18 шақырымында жол апаты болғаны туралы хабарлама түсті. Lada-2110 автокөлігінің жүргізушісі жылқымен соқтығысқан. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Cалдарынан 30 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Полиция қызметкерлері жылқының иесін анықтап, тапты. Ол Казталов ауданына қарасты Бірік ауылының 35 жастағы тұрғыны. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК 408-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бұдан басқа, қазір жылқы иесіне қатысты шешім қабылдау бойынша ветеринариялық инспекцияға жіберу үшін ҚР ӘҚБтК 406-бабы бойынша материал жинақталады.

EL.KZ
Бөлісу: