07.12.2025
14:51
393
БҚО-да жас ғалым түйе сүтінен балмұздақ жасап шығарды

БҚО-да жас ғалым түйе сүтінен балмұздақ жасап шығарды

Батыс Қазақстан облысында жас ғалым Аян Оразов түйе сүтінен балмұздақ жасап шығарды. Өнім жоғары ақуызды сүт, қант және табиғи қоспалар негізінде әзірленген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Арнайы аппаратта өңделген балмұздақты 6 айға дейін сақтауға болады.

Одан бөлек, шұбаттан йогурт өндіру бойынша да зерттеулер жүргізіліп жатыр. Ғалым бұған дейін киік етінен шұжық жасап, қазір оны патенттеу бағытында жұмыс жүргізіп жатыр.