БҚО-да жанып жатқан көлік 11 минутта сөндірілді

28 Шілде, 15:08 471

Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласында көлік өртенді. Оқиға жеке тұрғын үйдің ауласында болған, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі. 

Шақырту бойынша оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер көліктегі өртті 11 минут ішінде сөндіріп үлгерген. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. 

Төтеншеліктер азаматтарды сақ болуға шақырады. Жол көлігінде төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу керектігін ескертеді. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: