БҚО-да Үндістан азаматтары ұсталды

11 Тамыз 2023, 20:51 1211

Батыс Қазақстан облысында Үндістан азаматтары ұсталды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

9 тамыз күні Бөрлі ауданының тәртіп сақшылары Үндістан елінің 12 азаматын ұстады. Тексеру барысында аталған 12 шетел азаматының 8-інде ҚР аумағында визасыз болу мерзімі аяқталғаны белгілі болды. 8 шетелдікке қатысты ӘҚбтК-нің 517-бабы «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша жауапкершілікке тарту үшін іс сотқа жолданды, - делінген Ішкі істер ведомствосы таратқан хабарламада.

Ұсталған азаматтар Қазақстанға турист ретінде келгені белгілі болды.

Перизат Саденова
Бөлісу: