15.01.2025
11:01
859
БҚО-да улы зат тиеген жүк көлігі аударылып қалды

БҚО-да улы зат тиеген жүк көлігі аударылып қалды

Бәйтерек ауданында 21 тонна химиялық зат тасымалдап келе жатқан жүк көлігі жолдан шығып, аударылып қалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, улы зат - тетрагидрофуранды Беларуське тиесілі көлік алып келе жатқан.

Ыдыстар аударылғанымен, ішіндегі сұйықтық төгілмеген. ТЖМ қызметкерлері ағып кету қаупі мен халық пен қоршаған ортаға төнетін қауіпті тексерді. Радиациялық-химиялық қызмет оның ауадағы шоғырлануын өлшеді. Қатер табылмады, - делінген мәліметте.

Сондай-ақ мамандар жүк көлігінің жүргізушісіне жүкті қауіпсіз тиеуге және жүкті одан әрі тасымалдауға көмектесті.