БҚО-да су тасқынынан кейінгі дезинфекциялау жұмыстары аяқталды

14 Шілде, 19:48 561

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен Бәйтерек, Қаратөбе, Бөрлі, Теректі, Сырым аудандарында және Орал қаласындағы саяжайларда дезинфекция жұмыстары толық аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Нәтижесінде су тасқыны болған 7 мыңға жуық нысанға, оның ішінде  тұрғын үйлерге, әлеуметтік нысандарға, су құбырларына дезинфекция жүргізілген. 

Кейін су құбырларынан ауыз судың сапасы мен қауіпсіздігіне зертханалық бақылау жүргізілді. Нәтижелер нормативке сәйкес келді. Төтенше жағдайлар мамандарымен қатар, дезинфекция жұмыстарын жүргізуге Жамбыл мен Ақтөбе облыстарынан келген әскери мамандар көмектесті, - деп жазылған облыс әкімдігі таратқан мәліметте. 

Зарина Арман
Бөлісу: