БҚО-да ресейлік жалдамалы алаяқ ұсталды

5 Тамыз 2023, 04:17 689

БҚО-да киберполицейлер ресейлік жалдамалы алаяқты қолға түсірді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, 29 шілдеде БҚО ДП «CyberPol» қызметкерлері көкшетаулық әріптестерімен бірлесіп, Оралда жалдамалы алаяқты, Мәскеудің 24 жастағы Х. есімді тұрғынын ұстаған.

Оның Көкшетауда жүріп, алаяқтықпен 12 млн теңгеден астам ақшаны иемденгені анықталды.

Күдікті Орал қалалық ПБ-ға қарасты УҰИ-ға қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Берік Арманов
Бөлісу: