БҚО-да Ресейге заңсыз өтпек болған шетелдіктер ұсталды

9 Тамыз 2023, 12:28 790

Қазақстандық шекарашылар Ресей аумағына заңсыз өтпек болған шетелдіктерді ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

ҰҚК мәліметінше, 4 тамызда БҚО-да белгіленген өткізу пункттерінен тыс жерден Ресей аумағына қарай Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге әрекет жасаған бес шетел азаматы ұсталды.

Оқи отырыңыз:

Аталған адамдар Қазақстан Республикасына әуе жолымен турист ретінде келген. Алдын ала мәлімет бойынша олар жақсы өмір сүру жағдайын іздеп Еуроодақ елдеріне жол тартқан, - делінген мәліметте.

Ұсталғандар Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық сотының қаулысымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ел аумағынан шығарылды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: