08.05.2025
15:32
8946
БҚО-да прокурор өлі табылды

БҚО-да прокурор өлі табылды

Батыс Қазақстан облысында прокурор өлі табылды. Бұл ақпаратты облыстық прокуратура растады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде 8 мамырға қараған түні өз үйінің ауласында прокуратура қызметкері өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тараған еді. Қайтыс болған адамның Теректі ауданының прокуроры қызметін атқарғаны хабарланған.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі мәліметінше, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр.

Облыс прокуратурасы осы жағдайға байланысты көңіл айтады, – делінген хабарламада.

Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды.