Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Ақбұлақ ауылында жаңа ерікті өрт сөндіру пункті ашылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл нысан ауылдық жерлерде ерікті өрт сөндіру бөлімшелерінің желісін дамытуға және өрт қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында ашылды. Жаңа пункт Ақбұлақ, Ақсу, Достық және Жаңақоныс ауылдарына қызмет көрсететін болады. Бұл елді мекендерде 1700-ден астам адам тұрады.
Салтанатты рәсімде сөйлеген сөзінде министр мұндай нысандардың ашылуы азаматтық қорғау жүйесіндегі маңызды элемент екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы ауылдарда азаматтық қорғау жүйесін дамытуға ерекше көңіл бөледі. Елімізде 6179 ауыл бар, оның 416-сы Батыс Қазақстан облысында орналасқан. Біздің мақсат барлық елді мекендерді кезең-кезеңімен қамту. Бүгінде ауылдық ерікті өрт сөндіру бекеттерін құру ісіне әкімдіктер мен бизнес өкілдері белсенді түрде атсалысуда, - деп Шыңғыс Әрінов атап өтті.