28.05.2024
03:22
3285
БҚО-да монша өртенді

БҚО-да монша өртенді

БҚО-да монша өртенді. Оқиға мамырдың 27-сінен 28-іне қараған түні Бәйтерек ауданы Даринск кентінде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жеке тұрғын үй аумағында орналасқан моншадағы өртті өрт сөндірушілер 44 минутта сөндірді. Қызыл жалын 20 шаршы метр аумақты шарпыған.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.