БҚО-да мемлекеттік орган қызметкерлері 162 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған

30 Маусым 2023, 15:16 874

«Теректі - таза су» лауазымды тұлғалары бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

БҚО-дағы Теректі аудандық сотымен «Теректі - таза су» мемлекеттік кәсіпорнының лауазымды тұлғаларына қатысты үкім шықты. Сот үкімімен кәсіпорын директоры 7,5 жылға және бас бухгалтер 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Антикор мәліметінше, екеуі де өзіне және ұйым қызметкерлеріне жалақыны артық аудару, сондай-ақ жеткізушілерге нақты орындалмаған жұмыстар үшін бюджет қаражатын негізсіз аудару арқылы 162 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталды.

Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды, - делінген мәліметте.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: