БҚО-да медициналық университет ректоры қамауға алынды

31 Мамыр, 19:25 1949

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КЕАҚ басқарма төрағасын әшкереледі. Ол медициналық жабдықтарды мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша бюджет қаражатын кедергісіз аударғаны үшін Алматы қаласының кәсіпкерінен 11,6 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.

Ведомство мәлңметінше, сот санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Перизат Саденова
Бөлісу: