БҚО-да мал ұрлығымен айналысқан күдіктілер ұсталды

БҚО-да мал ұрлығымен айналысқан күдіктілер ұсталды

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері Бөкей орда және Тасқала аудандарының полиция бөлімдерімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде мал ұрлығымен айналысқан төрт адам ұсталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылғы қараша айынан 2025 жылғы маусым айына дейін күдіктілер Бөкейорда ауданы аумағында еркін жайылымда жүрген ірі қара малдарын ұрлап келген.

Барлығы 49 бас ірі қара мал ұрланған. Мал иелеріне келтірілген жалпы шығын шамамен 20 млн теңгені құрайды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар олардың мал ұрлығы бойынша тағы үш қылмысқа қатысы бар екені анықталды, - делінген мәліметте.

Қазіргі уақытта олардың өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.