БҚО-да ірі су тасқынының алдын алу шаралары қызу жүріп жатыр

15 Сәуір, 20:02 712

Батыс Қазақстан облысында ірі су асқынының алдын алу шаралары қабылданып, қызу дайындық жүріп жатыр, деп хабарлайды primeminister.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.  

Су тасқынына қарсы жұмыстарды жүргізу үшін өңірде шоғырланған күштер тобы 6,3 мың адамнан асты. 
 
Үкіметтің тапсырмасы бойынша елдімекендерден үлкен суды бұрып әкету және су тасқынынан келетін шығынды азайту үшін барлық күштер мен құралдар жұмылдырылған. 
 
Өңірге ТЖМ-ның 1 мыңнан астам қызметкері, Ұлттық ұланның 700-ден астам, Қорғаныс министрлігінің 600 әскери қызметшісі дайындық шараларын жүргізуде. Жұмысқа волонтерлік ұйымдардың қатысушылары тартылды. 1,5 мың арнайы техника жұмылдырылды, оның 790-ы БҚО-ға еліміздің басқа өңірлерінен жеткізілген.

Негізгі міндет – елді мекендердің тұрғындары мен олардың үйлерін су тасқынынан қорғау. Жайық, Шаған, Деркөл өзендерінің бойындағы жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, 700 мың құм толтырылған қапшық және 3 710 мың тонна инертті материал төселді. Қорғаныс үйінділері 4-5 метр биіктікке дейін көтерілді.

Қазіргі уақытта Оралда жедел-эвакуациялау пункттері ашылды. Обылста «Жедел желі» жұмыс істеп тұр, оған 512 қоңырау келіп түскен.

Перизат Саденова
Бөлісу: