БҚО-да ер адам мектеп оқушысын атып тастады

7 Ақпан, 09:30 1078

Батыс Қазақстан облысында мектеп оқушысы оқ жарақатын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Ақжайық ауданында болғанын. 30 жастағы ер адам абайсызда мектеп оқушысын атқан. Жасөспірім ауруханаға жатқызылды. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 114-бабы «Абайсызда денсаулыққа зиян келтіру» бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Аудандық білім бөлімінің хабарлауынша, 3 ақпанда 17 жастағы 11-сынып оқушысы ағасымен аңға шығып, оқ жарақатын алған.

Бытыра көзі, беті және мойнына тиген. Оқушы тірі. Ата-анасының шағымы жоқ, - деп түсіндірді Білім басқармасы.

Аудан әкімі аңшылықта кәмелетке толмаған бір бала болғанын, қалғандарының барлығы ересек адамдар екенін түсіндірді. Аңшылардың қару қолдануға рұқсаттары болған.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: