БҚО-да ажырасқалы жатқан ер адам әйелі мен баласын қарумен қорқытқан

20 Желтоқсан 2023, 10:10 1017

БҚО полицейлері әйелі мен баласын қарумен қорқытқан азаматты ұстады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Осы жылы желтоқсанның 17-не қараған түні Бөрлі ауданының полиция бөліміне әйел адам жүгініп, оның жолдасы дүкеніне келіп, қарумен қорқытқаны туралы хабар берді. Оқиға орнына келіп жеткен полиция қызметкерлері БҚО Бөрлі ауданы, Ақсай қаласындағы дүкендердің бірінде ер адам қолындағы қаруымен 44 жастағы әйелі мен 20 жастағы ұлын қорқытқанын анықтады.

Қолданылған жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері жәбірленушінің 52 жастағы жұбайын күдікті ретінде ұстады. Сараптама нәтижесі бойынша ол “орта дәрежедегі” мас күйде болғаны белгілі болды. Күдіктіден қару тәркіленіп алынды. Аталған факті бойынша БҚО ПД Бөрлі ауданы ПБ-мен ҚР ҚК-нің 115-бабына (Қорқыту) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ күдікті ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Анықталғандай, олар ажырасу үстінде болғаны белгілі болды. Күдіктінің айтуынша, мұндай жағдайға баруына әйелінің оның атына бірнеше несие ресімдегені себеп болған.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: