18.09.2025
23:48
692
БҚО-да ауыр жағдайдағы науқас тікұшақпен ауруханаға жеткізілді

БҚО-да ауыр жағдайдағы науқас тікұшақпен ауруханаға жеткізілді

Бүгін төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында ауыр халде жатқан 1976 жылғы науқасты шұғыл эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Санавиация желісі арқылы ұйымдастырылған рейс барысында пациент облыстық орталықтағы көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Мұнда оған тар бейінді мамандар тарапынан қажетті медициналық көмек көрсетілетін болады.

Экипаж бен медициналық бригаданың үйлесімді әрекеті тасымалдау уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік беріп, емдеудің қолайлы нәтижесіне жол ашты.

Бұған дейін ТЖМ әуе кемесінің экипажы Қармақшы ауданы Төретам елді мекенінен Қызылорда қаласына жаңа туған сәбиді эвакуациялауды жедел орындаған болатын