29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыБҚО полицейлері Ауғанстанның 10 азаматын қолға түсірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ІІМ мәліметінше, «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында ПД Бөрлі аудандық полиция қызметкерлері ҚР ҰҚК шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесе отырып еліміздің шекарасынан заңсыз өтпек болған Ауған Республикасының 10 азаматын қолға түсірді.
Болжамды мәліметтерге сүйенсек, олар Еуроодақ елдеріне бағыт алған екен.
Ұсталған азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 514-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Кейін жинақталған материалдар әрі қарай шешім шығару үшін Бөрлі аудандық сотына жолданатын болады, - делінген мәліметте.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек