БҚО-да алименттен жалтарып жүрген 14 борышкерге қатысты тергеу басталды

1 Маусым, 02:25 611

Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының бастамасымен облыста барлық мүдделі органдармен бірлесіп, алимент бойынша 10 қадам жобасы" жүзеге асырылды. Жоба аясында 286,5 млн теңге сомасындағы қарыздар өтелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Прокуратура мәліметінше, бос жұмыс орындары жәрмеңкелері ұйымдастырылып, нәтижесінде 139 борышкер жұмысқа орналастырылды. 274 адам жұмыспен қамту органдарында тіркелді.

Зиянды борышкерлерге тиесілі көліктерді анықтау және ұстау бойынша бірлескен рейдтер барысында борышкерлердің алимент бойынша берешегі 12,5 млн теңге сомасында 7 көлігі белгіленіп, айыптұраққа қойылды. 4 борышккер 6 млн теңге қарызын дереу өтеді.

100 борышкер сот шешімдерін орындамағаны үшін анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде сот 81 тұлға қамауға алып, 22 адамға айыппұл салынды. 2 жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтін алимент төлеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша 14 зиянды борышкерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды,-деді прокуратурадағылар.

Перизат Саденова
Бөлісу: