БҚО-да алаяқтар «ғажайып көрпені» 300 мың теңгеге сатқан

18 Мамыр, 04:20 1060

БҚО-да «ғажайып көрпені» 300 мың теңгеге сатқан алаяқтар ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ мәліметінше, алаяқтар егде жастағы әйелдің сеніміне кіріп, түрлі ауруға ем болады деген сылтаумен «ғажайып көрпені» 300 мың теңгеге сатқан.

Әйел алаяқтарға 140 мың теңге ақша мен алтын әшекейлерін берген. Алайда күдік пайда болған соң әйел дереу полиция қызметіне хабарласады. Полицейлер тәулік ішінде оқиға ізін суытпай Ақтөбе облысының аумағында жүрген алаяқты ұстады, - делінген мәліметте.

Сурет: t.me/POLICE_of_KZ

Жәбірленушіге ақша мен алтын әшекейлер қайтарылды. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Перизат Саденова
Бөлісу: