БҚО-да әкімшілік ғимараты өртенді

БҚО-да әкімшілік ғимараты өртенді

Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласында екі қабатты әкімшілік ғимараттың шатыры өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Өңірлік ТЖД мәліметінше, қызыл жалын алаңы - 300 шаршы метр. 

Оқиға қазанның 4-інен 5-сіне қараған түні болған.

Ғимарат металл қаңқалы материал, минералды вата мен пішінделген төсемнен жасалынғандықтан өртті сөндіру қиынға соққан. Қызыл жалын толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.