БҚО-да 7 жасар қыз жол апатынан көз жұмды

16 Маусым 2023, 20:47 652

Қайғылы оқиға 15 маусым күні сағат 09:00 уақыт шамасында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жымпиты-Қаратөбе автожолының 75-шақырымында «Лада-2114» маркалы автокөлігін тізгіндеген 40 жастағы жүргізуші рульге ие бола алмай аударылған. ҚР ІІМ мәліметінше, ол мас болған.

Жол апаты салдарынан 2016 жылы туған қыз бала Сырым ауданының орталық ауруханасына жеткізіліп, ауруханада көз жұмды. Жүргізуші дәрігерлер қарағаннан кейін үйіне жіберілді, - деп атап өтті БҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Олжас Ибрайымов.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Берік Арманов
Бөлісу: