БҚО-да 7 млн балық шабағы құтқарылды

11 Тамыз, 12:43 434

Ауыл шаруашылығы министрлігі балық шаруашылығына қатысты есеп берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

АШМ КРХ Жайық-Каспий облысаралық бассейндік инспекциясы  «Әліп» ЖШС қызметкерлерімен бірлесіп, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Көнеккеткен ауылындағы Жайық өзенінің жайылма суларынан 7 млн 800 мың дана балық шабақтарын құтқарып, Ақжайық ауданындағы Солянка өзеніне тірі күйінде жіберді.

Балық шабақтарын құтқару жұмыстары жалғасуда.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: