БҚО-да 4 тонна шөп өртеніп кетті

25 Қазан, 17:23 463

Батыс Қазақстан облысында ТЖМ құтқарушылары өрттің таралуына жол бермеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Теректі ауданы Ақжайық ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде 4 тонна шөп жанды.

Өрт сөндірушілердің кәсіби әрекеттерінің арқасында өрттің шаруашылық құрылыстарға таралуына жол берілмеді. Өрт 16 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖД шөпті тұрғын үйлерден, шаруашылық құрылыстар мен жолдардан неғұрлым алыс жерлерде сақтау қажет екенін еске салады.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: