21.04.2024
20:27
1161
БҚО-да 2 300 адам эвакуациялық пунктерге орналастырылды

БҚО-да 2 300 адам эвакуациялық пунктерге орналастырылды

Батыс Қазақстан облысында 2 300 адам эвакуациялық пунктерге орналастырылды. Оның 985-і балалар. 4 925 үй жануары қауіпсіз жерлерге айдалды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Ал су басқан саяжай учаскелерден ТЖМ және жұмылдырылған күштермен алдын ала 1376 адам эвакуацияланған. Олардың 1497-сі уақытша орналастыру пунктеріне, қалған азаматтар туыстарының үйлеріне орналастырылды.