БҚО әкімі су тасқынынан зардап шеккендерге салынатын үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды

9 Мамыр, 20:38 573

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев облыстық құрылыс басқармасы мен аудан әкімдеріне су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға салынатын үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әкімдіктің мәліметінше, аудандарда құрылған арнайы комиссиялар су тасқыны шығындарын анықтау бойынша қажетті жұмыстарды жүргізуде.

Мемлекет басшысының зардап шеккен тұрғындарға салынатын тұрғын үйлерді уақытында аяқтау жөніндегі  тиісті тапсырмасы бар. Сондықтан құрылыс жұмыстарын жеделдету қажет. Сырым, Бөрлі, Қаратөбе, Теректі аудандарында құрылыс жұмыстары басталды. Құрылыс басқармасы мен аудандардың әкімдеріне барлық жұмыстарды уақытылы аяқтап, тұрғын үйлердің сапасына баса назар аударуды тапсырамын,- деп атап өтті облыс әкімі.

Жаңа тұрғын үйлер салу үшін жер учаскелері белгіленіп, мердігер компаниялар анықталып, құрылыс жұмыстары басталды.

Құрылыс жұмыстарын бақылау облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес салаға жауапты орынбасарына тапсырылды.

Перизат Саденова
Бөлісу: