Бозоқ – қазақтардың алғашқы қонысы

18 Қыркүйек 2019, 09:37 3326

Әлмисақтан сыр жеткізген, сар даланың сарыны сақталған Бозоқта орта ғасырдағы ежелгі қазақтың жұрты жатыр. Бұл туралы мүлгіген тыныштықта мәңгілікке ұйықтап кеткен қорымдардан дерек іздеп, дәлел тапқан елге белгілі археолог Кеңес Ақышевтың Есіл экспедициялық тобына басшылық еткен Марал Қалымжанқызы Хабдуллина мәлімдеді. Қазақстанның киелі жерлері картасына енген Нұр-Сұлтан қаласының іргесіндегі тұнып тұрған тарих – Бозоқ қалашығы Кеңес Ақышевтың соңғы археологиялық  еңбегі және оның бірінші атауы Ақжол болған. Белгілі зерттеуші Бозоқтың жұртын Елбасы тапсырмасымен 1997 жылдан бастап іздеген екен. Бұл ел астанасының оңтүстіктен орталыққа көшірілуімен тұспа-тұс келді. Бозоқтың батпақ арасынан аршылып алынуы және бұл жаңалықтың жарқ ете қалуы -  ел ордасын көшіру туралы пікір қоғамда талас тудырып, арқалықта тың игеруге дейін ешқандай тарихи өркениет болмаған деушілерге тарихтың дер кезінде берген деректі жауабы болды. 



Бозоқ туралы толық материалды Осы жерден оқи аласыздар 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз

Бөлісу: