«Бойдақтықтан шаршадым». Әнші Тұрар қандай қызға үйленгісі келетінін айтты

23 Қазан 2023, 11:12 2582

Отандық жас әнші Тұрар Ыдырыс «Өзіміз ғой» бағдарламасына берген сұхбатында болашақ жарына қандай талап қоятынын айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Өмірімнің әрбір кезеңінде менің ойым өзгеріп отырады. Бұрын басқа қыздар ұнаса, қазір басқа деген сияқты. «Ешқашан ешқашан деп айтпа» дейді ғой. Біреуге талап қоятындай деңгейде емеспін. Бұрын осындай болса екен деп айтатын едім. Қазір бәрібір, ұлтына, дініне, ештеңесіне қарамаймын, - деді ол.

Тұрар Ыдырыстың айтуынша, әншінің үйленгенін анасы қатты күтіп жүр екен.

Жасың 27-ден асқаннан кейін қиындау екен. Осы жылы бойдақтықтан шаршадым. Бұрынғы қарым-қатынастарыма жеңіл қарайтын едім. Биылдан бастап ойлана бастадым. Енді бұйырғанын көрерміз. Бір бақытымды күтіп жүрген адаммын ғой. Бұл өмірде өзіңнің екінші жартыңды табу – ең үлкен бақыт, - деді әнші.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: