Бөтен тауар белгісін заңсыз пайдалану фактілері бойынша 132 заң бұзушылық анықталды

17 Тамыз, 19:02 471

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова Қазақстан Республикасындағы зияткерлік меншік құқығын қорғау шаралары туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Вице-министр зияткерлік меншік құқығын қорғаудың маңыздылығын және контрафактілік өнімді пайдаланудың салдарын атап өтті.

Контрафактінің таралуы жосықсыз бәсекелестік салдарынан пайда мен беделін жоғалтатын құқық иелерінің құқықтары мен мүдделерін бұзып қана қоймайды, сонымен қатар тұтынушылардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді.

Брифингте құқық қолдану практикасына ерекше назар аударылды. Әділет органдары зияткерлік меншік саласындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Тексерулер құқық иеленушілердің өтініштері негізінде жүргізіледі.

Сонымен, ағымдағы жылдың басынан бастап әділет органдары бөтен тауар белгісін заңсыз пайдалану фактілері бойынша 138 тексеру жүргізді, оның нәтижесінде 132 заң бұзушылық анықталды.

133 әкімшілік іс қозғалды және сотқа жіберілді (1 іс құқық қорғау органдарынан берілді). 111 субъект әкімшілік жауапкершілікке тартылды,
22 іс қарау сатысында.

Мемлекет кірісіне айыппұл санкциялар түрінде 9 494 810 теңге өндірілді. Азаматтық айналымнан жалпы сомасы 46 956 439 теңгеге 257 174 бірлік контрафактілік өнім алынды.

Әділет органдарымен «TOYOTA», «Kit Kat» және «Nesquik», «Procter&Gamble», «Henkel AG & Co. KgaA», «Apple», «ZEPTER», «Levi ' s», «LEGO», «PUMA», «TOYOTA/LEXUS», «Almacom», «Hugo Boss» және т.б. құқықиелерінің құқықтары қорғалды.

Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі іс-шараларды ішкі істер, экономикалық тергеу және мемлекеттік кірістер органдары да жүргізеді.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында қаржы мониторингі агенттігі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 222-бабы (тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, фирмалық атауын, географиялық нұсқамаларды және тауар шығарылған жердің атауын заңсыз пайдалану) және 198-бабы (авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу) бойынша зияткерлік меншік құқықтарының бұзылуына байланысты, құқық иелеріне 35,7 млн. теңгені құрайтын залал келтірілген 2 іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркелді.

Мемлекеттік кіріс органдары жалпы құны 18,6 млн. АҚШ доллары болатын зияткерлік меншік құқықтарын бұзу белгілері бар тауарларға
339 декларация бойынша тауарлар шығаруды тоқтатты.

Құқық иеленушілердің тауарларға арналған тоқтатылған декларациялар бойынша өтініштерінің негізінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 158-бабы бойынша 11 әкімшілік материал жасалды, онда 8 материал бойынша сот арқылы жойыла отырып, 484 бірлік тауарды тәркілеп, 790088 теңге сомасында айыппұл салды.

Ботагөз Жақселекова маркетплейстердің қызметіне баса назар аударды. Бүгінгі күні маркетплейс тауарларды жылжытудың танымал құралдарының біріне айналды, оларда құқық иелерінің рұқсатынсыз тауар белгілерін пайдалануға байланысты зияткерлік меншік құқықтарын бұзу фактілері де бар.

Соңғы жылдары маркетплейстердің танымалдылығының артуы осы платформаларда сатылатын контрафактілік және заңсыз өнімдердің көбеюіне әкелді.
«Зияткерлік меншік құқықтарының бұзылуын болдырмау және жолын кесу үшін, сондай-ақ құқық иеленушілердің талап-арыз беруін болдырмау мақсатында зияткерлік меншік құқықтарын сақтау жөніндегі маркетплейстердің саясатын күшейту қажет» екендігін әділет вице-министрі атап өтті.

Ұлттық заңнамаға сәйкес зияткерлік меншік құқықтарын бұзғаны үшін азаматтық-құқықтық (ҚР АК 9, 970, 1003, 1018, 1032 және 1037-баптары), әкімшілік (ҚР ӘҚБтК 158-бабы) және қылмыстық (ҚР ҚК 198, 222-баптары) жауапкершілік көзделген.

Тауар белгілері мен өнеркәсіптік меншік құқығының объектілеріне құқықтарды қорғаудың бірден бір тәсілі Әділет министрлігі жанындағы апелляциялық кеңесте дауларды сотқа дейін қарау болып табылады.

Сондай-ақ, Министрліктің басым бағыттарының бірі зияткерлік меншіктің кейбір объектілерімен байланысты дауларды сотқа дейін қарау болып табылады.
Дауларды сотқа дейінгі қарау тетігі сот жүйесіне жүктемені азайту мақсатында көзделген. Осы рәсімнен өту сотқа талап арыз берілгенге дейін міндетті болып табылады.

Перизат Саденова
Бөлісу: