Босния және Герцеговинада су тасқынынан 18 адам қайтыс болды

6 Қазан, 17:40 379

Босния және Герцеговинада болған су тасқыны мен лай көшкінінен кем дегенде 16 адам қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ел билігі төтенше жағдай жариялады. Табиғи апат салдарынан елдің оңтүстігіндегі бірнеше қала мен ауыл зардап шеккен.

Құтқарушылар із-түзсіз жоғалғандарды іздеу жұмыстарын жалғастыруда.

Ал жолдар жабылып, үйлер жарықсыз қалған. Бұл жайт құтқару жұмыстарына кедергі келтіріп жатыр.

Қорғаныс министрі Зукан Хелез қарулы күштер аймақтарда зардап шеккендерге көмектесетіні туралы бұйрық шығарды.

Көрші Хорватия мен Словенияда да толассыз жауын салдарынан жолдар жабылып, су тасқыны жүруі мүмкін деген қауіп бар.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: