Бородулиха ауданында жаңа кірпіш зауыты ашылды

Бородулиха ауданында жаңа кірпіш зауыты ашылды

Абай облысы Бородулиха ауданының Новопокровка ауылында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды. Ашылу рәсіміне облыс әкімі Берік Уәли қатысып, кәсіпорынның өңір экономикасына қосатын үлесі зор екенін айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Жобаның жалпы құны - 2 млрд теңге, жылдық қуаттылығы 6 миллион дана керамикалық кірпіш. Зауытта 65 адам жұмыс істейді, оның 50-і тұрақты жұмыспен қамтылады.

Аймақ басшысы өндіріс орны құрылыс материалдарына деген сұранысты азайтып, облыстың құрылыс саласын дамытуға серпін беретінін айтты.

«Шыңғыс Тас» ЖШС басшысы Қайырлы Хасеновтың айтуынша, өндіріс толық автоматтандырылған, экологиялық және энергия тиімділігі жоғары технологиялар қолданылған. Қазіргі таңда бірнеше құрылыс компанияларымен ынтымақтастық орнатылуда.

Жоба 2024 жылдың сәуірінде басталып, 2025 жылдың қазанында толық аяқталды.