Боранды күні қалай сақтану керек – Астана ТЖД кеңес берді

8 Ақпан, 19:33 702

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖД ауа райының өзгеруіне, атап айтқанда, боран мен желдің күшеюіне байланысты елорда тұрғындары мен қонақтарына қаладан тыс жерлерге барудан бас тартуды және қырағы болуды, ауа райының өзгеруі және енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалауды ұсынады.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, Астана қаласында 9 ақпанда боран, көктайғақ, оңтүстік-батыс, батыс жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, 08 ақпан кешке, түнде және 9 ақпанда таңертең 30 м/с және одан да көп болады деп күтілуде.

Төтенше жағдай туындаған кезде «112» телефонына хабарласу керек.

Баян Әжмұхан
Бөлісу: